18 маусым. Жылнама
Kazinform оқырман назарына 18 маусымға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР
Орнықты гастрономия күні
2016 жылдың 21 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы өзінің №71 / 246 қарарымен 18 маусымды Орнықты Гастрономия күні деп жариялады. 2017 жылы алғаш рет аталып өтті. Бұл күннің мақсаты - әлемдік қауымдастықтың назарын тұрақты даму мақсаттарына жету үшін тұрақты гастрономияның рөлі туралы, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуды жеделдету, азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, халықтың тамақтануын жақсарту, тұрақты азық-түлік өндірісін қамтамасыз ету.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
2006 жылы Егеменді еліміздің байланыс және хабар таратуға арналған «KazSat» тұңғыш геостационарлық жер серігі жоспарланған таңғы сағат 4.44-те Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыштық державалар қатарына қарай аяқ басқан алғашқы қадамының хабаршысындай болған осы жер серігінің ұшырылу сәтін Қазақстан және Ресей президенттері арнайы келіп бақылады.
2009 жылы Оралда б.э.д. VІ-ІІ ғасырлардағы археологиялық қазбалар табылды. Табылған тұрмыс тіршілік заттары және әшекей бұйымдарды бағалау үшін Ресейдің және Германияның ғалымдары шақыртылған. Ғалымдар бұл қазбалардың тарихи маңыздылығы зор екенін бағалап, оларды халықаралық тізімге енетінін хабарлады.
2011 жылы ҚР Ұлттық банкі «Ақтөбе» монетасын айналымға шығарды, оның номиналы 50 теңге, диаметрі - 23 мм, массасы - 4,71 грамм, таралымы - 50 мың дана, «Осетр» - номиналы 500 теңге. Монета 925 сынамалы күмістен әзірленді, салмағы - 24 грамм, жұмырлығы 38,61 х 28,81 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 5 мың дана.
2012 жылы Қазақстан тумасы, өзбекстандық суретші Леким Ибрагимовтың «Мың періште мен бір сурет» атты мега-суретінің Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуіне өтінім берілді. Өтінім «Өнер» бөліміндегі «1000 бөліктен тұратын ең алып картина» деп берілген. Бұл ауқымды жобаны құруға «Мың бір түн» ертегілері түрткі болды. Сурет 1000 бөлек картиналардан тұрады, олардың әрқайсысында періштенің суреті бейнеленген. 528 шаршы метрге созылған картинаның сюжеті аты аңызға айналған шығыс ертегілерінен құралған.
2014 жылы қазақстандық ғалымдар туберкулезге қарсы бұған дейін пайдаланылып келген ұқсас дәрігерге қарағанда анағұрлым тиімді дәрі жасап шығарды. Туберкулезбен ауырғанда бұл препаратпен емдеу тиімділігін де көрсетті.
2015 жылы ҚР Қазақ күресі федерациясы ресми түрде Спорттық жекпе-жектер және спорттың күштік түрлері конфедерациясының құрамына енді.
2017 жылы Астанада алғашқы «Астана» Бүкіләлемдік театр фестивалі ашылды. Ол қазақстандық актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналды. Шараға Еуропа мен Азияның жетекші театрларының өкілдері, белгілі сыншылар, драматургтер, Қазақстан және ТМД елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлері, Асанәлі Әшімов өнерімен тереңнен танысқысы келген жас өнер шеберлері қатысты.
2018 жылы Астанада «Ұлы дала» III гуманитарлық форумында танымал ғалымдар түркі әлемінің ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін алтын медальдармен марапатталды. Олар: филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясы «Тарих, тіл және әдебиет институты» Уфа ғылыми орталығының жетекшісі Фирдаус Хисамитдинова; Филология ғылымдарының докторы, чуваш тілінің зерттеушісі, профессор Николай Егоров; Филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының Тарих және филология ғылымдары департаменті Түркітану комитеті төрағасының орынбасары Олег Мудрак және тарих ғылымдарының докторы, Моңғолиядан келген профессор Чулуун Самбилдонов.
2019 жылы Қазақстанның ғылым қызметкерлері Қазан Федералды университеті кітапханасының қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар бөлімінен Абай жазған 133 жыл бұрынғы «Қарапайым қазақтарға арналған кодекс» бірегей құжатын тапты. «Тұтастай алғанда жинақ Семей болысында 1885 жылы өткен съездің қорытындысы бойынша қабылданған ресми құжаттардан тұрады. Оның толық атауы - «Семипалат областенең Бишдиванның барча халфәнең сайланмыш адәмнәренең 1885-нче елында май аенда яр буендагы Карамалы съездында ясалмыш ираҗәседер». «Кодексті» құрастыруда төбе би ретінде Абай Құнанбаев қатысты. Қазақ тарихшыларының пікірінше, ол қарапайым адамдардың тұрмысын түзеу бағытында бірқатар жаңалықтар енгізген, сондықтан да оған деген құрмет ерекше. Бұны Қазандағы бірегей құжат та дәлелдей түседі», - деп жазады Татар-информ.
2021 жылы Астанада коронавируспен күреске зор үлес қосқан еліміздің медицина қызметкерлеріне ризашылық белгісі ретінде «Алтын жүрек» мемориалы тұрғызылды. Мемориалдың ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
2023 жылы ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері "Astana Half Marathon-2023" ауқымды жүгірісіне белсене қатысты. Жүгіру ЭКСПО халықаралық көрме орталығынан басталып, одан кейін қатысушылар Есіл өзенінің сол және оң жағалауын қамтитын қаланың орталық көшелерімен өтті. Қатысушылар әртүрлі қиындықтардағы қашықтықтардан: 21,1 шақырым, 10 шақырым, 10 шақырым скандинавиялық жаяу жүріс және Экиден эстафетасы (командалық жүгіру).
2024 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Сандық телекоммуникация картасын әзірледі. Онда байланыс технологияларының түрлері бойынша ағымдағы қамту және операторлардың Қазақстанның барлық елді мекендерін жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз ету жоспарлары туралы ақпарат бар. Әрбір азамат елді мекендердегі байланыс сапасына қатысты барлық проблемаларды және оларды жою жоспарларын көре алады, сондай-ақ кез келген жерде байланыс сапасына өзіндік бағасын бере алады. Бұл шара сапаны жақсартуға қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.