18 наурызда еліміздің бірқатар аймағында жел күшейіп, бұрқасын болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
None
None

Ақмола, Ақтөбе, түнде Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, желдің күші секундына 15-20 дейін, күндіз 25 м/с болады. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с, бұрқасын болады. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз Жалаңашкөл аймағында жел 17-22 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, 15-20 м/с дейін жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар