18 наурыздан бастап, еліміздің әрбір азаматы сайлаушылардың тізімімен таныса алады

АНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 18 наурыздан бастап, еліміздің әрбір азаматы сайлаушылардың тізімімен таныса алады.

18 наурыздан бастап, еліміздің әрбір азаматы сайлаушылардың тізімімен таныса алады

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов журналистермен болған брифингте айтты.

Оның айтуынша, сайлаушылардың тізімін жасақтау сайлау комиссияларының маңызды міндеттерінің бірі. «Бұл шара жыл бойына жүргізіледі. Біз жыл ортасында және жыл соңында екі рет жергілікті атқарушы органдардан сайлаушылардың тізімдерін аламыз. Бұдан соң, яғни сайлау күні жарияланған соң, сайлаушылардың тізімін нақтылау бойынша күрделі жұмыстар жүргізіледі. Бұл түсінікті де елімізде көші-қон үдерістері белсенді жүріп жатыр. Астана, Алматы сияқты қалаларды көптеген үйлер салынып, халық көшіп-қонып жатыр. Сондықтан сайлаушылар тізімі аз ғана уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге ұшырауы мүмкін»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, 13 наурыз күні жергілікті атқарушы органдар тиісті қолдар қойылған тізімді сайлау комиссияларына жолдады. «Осыған байланысты еліміздің әрбір тұрғыны 18 наурыздан бастап сайлаушылар тізімімен таныса алады»,-деді ОСК төрағасы.