18 сәуір. Күн райының болжамы
Республиканың басым бөлігіне циклон жырасы ықпал етеді және онымен байланысты фронталды бөлімдердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр, түнгі уақыттарда солтүстікте жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, күндіз Алматы облыстарында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.