18 сәуір. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР
Талдықорған облысы Гвардия ауданы Бостан ауылында туған. 1980 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «құрылыс-инженері», 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «экономист», 2019 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірді.Еңбек жолын 1980 жылы Алматы қаласындағы «Казколхозспецстрой» тресінде бастаған. 1982-1991 жылдары Талдықорған ауданаралық сауда базасы құрылыс бригадасының прорабы, инженерлік-техникалық қызметі бойынша директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1991-1996 жылдары аралығында Талдықорған қаласындағы «Қаблан» жан-жақты сауда-құрылыс кәсіпорнының директоры. 1996-1998 жылдары аралығында Талдықорған облыстық әкімшілігі жанындағы облыстық экономикалық келісімді реттеу қоры директорының орынбасары. 1998-2001 жылдары аралығында Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды. 2001-2011 жылдары аралығында Ескелді ауданының әкімі. 2011-2015 жылдары аралығында Қаратал ауданының әкімі.
2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызмет атқарды. 2017-2020 жылдары Алматы облыстық мәслихатының хатшысы. Қазіргі қызметінде 2020 жылдың тамыз айынан бері.
Еңбек жолын 1986 жылы бұрынғы Жезқазған облыстық атқару комитетінің нотариат бойынша Әділет бөлімінің аға кеңесшісі лауазымынан бастаған. 1991-1992 жылдары Жезқазған облыстық халық депутаттар Кеңесінің аға кеңесшісі болған. 1992-2000 жылдары дейін Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының судьясы. 2000-2008 жылдары Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы. 2010-2012 жылдары Алматы қалалық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы. 2012-2015 жылдары Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы. 2015-2022 жылдары ҚР Жоғарғы сотының судьясы.
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың наурыз айынан.
Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Көкшетау медициналық училищесін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау облысындағы туберкулез диспансерінің зертханашысы болып бастаған. 1991-1994 жж. – балабақша медбикесі. 1994-2003 жж. – Чермошнянка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінде патронаж мейірбикесі. 2003-2006 жылдары Тайынша аудандық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеді. 2006-2011 жылдары Тайынша ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2011-2014 жылдары «Нұр Отан» ХДП Тайынша аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2014-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 2017-2018 жж. – ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары. 2018-2019 жж. – «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің директоры. 2019-2021 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, басқарушы директоры болды. 2021-2023 жж. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың сәуірінен бері атқарып келеді.
Алматы облысында туған. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген. Еңбек қызметі: ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003); Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003); Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007); ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007); ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008); ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009); ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009); Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016); Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019). 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі. 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрі. Қазіргі қызметінде - 2023 жылдың наурыз айынан.
«Парасат» және «Кұрмет» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығымен тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Зырян ауданы прокурорының көмекшісі м.а. ретінде бастап, кейін Ұлан ауданының, Өскемен қаласы мен облыс прокуратурасының қызметкері, Зырян ауданының прокуроры, ШҚО Риддер қаласының прокуроры болған.
Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан.
40 жыл бұрын (1983) Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Момынбайұлы ӘУБӘКІР дүниеге келді.
2005 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономика, экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласындағы «Астықжан»сауда орталығы«ЖШС Тоңазытқыш сөрелерін жинақтаушы, оператор болып бастады.
Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын 2006 жылы»Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі«ММ бас маманы болып бастаған.
2015 жылдан 2016 жылға дейін»Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі«ММ бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2016 жылдан бастап»Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі«ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың наурыз айында»Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі«ММ басшысы болып тағайындалды.
Ұлытау облысы әкімінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы өкімімен Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалды.
39 жыл бұрын (1984) «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ басқарушы директоры Николай Юрьевич ЭНЕЛАНЕ дүниеге келді.
Павлодар қаласында туған. Инновациялық Еуразия университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген (2009). Еңбек қызметі: «Ключ» телестудиясы» ЖШС тілшісі, Павлодар (2005-2008); Павлодар қаласындағы тілшілер бөлімінің тілшісі, «Астана Телевизиясы» ЖШС тілшісі (2009-2010); «Эра» телекомпаниясы» ЖШС ақпараттық бағдарламалар бөлімінің облыстық жаңалықтар бөлімінің меншікті тілшісі (2010-2012); «Хабар» Агенттігі» АҚ Ақпараттық бағдарламалар бөлімінің тілшісі (2012-2016); «24KZ» арнасы, «Хабар» Агенттігі» АҚ талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі (2016-2017); «Инфополис» ЖШС арнайы тілшісі, Алматы (2017-2019); «Finstatus.TV» ЖШС шығармашылық продюсері, Астана (2018-2020).
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қыркүйегінен бастап атқарып келеді.