18 сәуірге арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман, желдің күшеюі күтіледі.

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысында, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді. Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай болады, түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз көптеген бөліктерде екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.