18 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 18 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады

18 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

18 шілде, ЖҰМА

АҚШ-та Ұлттық хот-дог күні. Бұл мерекені 1957 жылы АҚШ Сауда палатасы ресми бекіткен болатын. 1994 жылы өнім сапасы, дәмі және жарнамасымен айналысатын Ұлттық хот-дог және сосиска кеңесі құрылды. Кеңестің дәстүрлі мүшелері хот-догпен сосисканы ұнататындарға арналған жарыс өткізіп тұрады. Жарыстың 4 негізгі ережесі бар: 18 жасқа толмағандарға хот-догқа кетчуп жағуға болмайды; хот-догты тәрелкеге салмай тек қана қолмен жеу керек; қолға жұққан дәмдеуішті жууға болмайды, саусақтарыңды жалап тазалауың қажет; ешқашан да хот-догты қытай ыдысына салуға болмайды, себебі «хот-дог - американдықтардың ұлттық тамағы» деген түсінік бар.

Нельсон Манделаның халықаралық күні. Оңтүстік-Африка Республикасының бұрынғы президентінің бейбітшілік пен бостандық ісіне қосқан үлесін мойындау белгісі ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясымен 2009 жылы бекітілді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 9 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Патенттік-технологиялық ақпарат және алдыңғы қатарлы технологиялық қозғалыс жолындағы барлық тосқауылдарды алып тастауға мүмкіндік берген Еуразиялық патенттік конвенцияны бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

1 3 жыл бұрын (2001) Орал қаласында Балалар мен жасөспірімдердің велосипед спорты мектебі ашылды.

9 жыл бұрын (2005) Оралда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан колледж ашылды. Математика, физика, ақпараттық жүйе, станок графикасы, сәндік-қолданбалы өнер және халық өнері мамандықтары бойынша оқытатын білім ордасының құрылу мақсаты педагогика мамандарына сапалы білім беру болып табылады. Колледжді бітірген түлектер оқуын университетте жалғастыра алады.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын араб тілінде жарыққа шығарды. Бұл басылым жетекші араб елдерінің ресми, ғылыми және іскер топтарын Елбасы Жолдауының негізі бағыттарымен, атап айтқанда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәдениетаралық және конфессияаралық диалог орталықтарының бірі ретінде қызмет атқаруға әзір екенін қуаттаған сөзімен қеңінен таныстыруға септігін тигізді.

5 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін қосымша шаралар алуға, кәсіпкерліктің мемлекетпен және қоғаммен өзара іс-қимылын нығайтуға, соның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізуді тәртіпке келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

24 4 жыл бұрын (1770) орыс әскері Ларге өзенінде түріктерді жеңді.

14 2 жыл бұрын (1872) Ұлыбританияда алғаш рет жасырын дауыс беру процедурасы өткізілді.

11 7 жыл бұрын (1897) ресейлік кәсіпорындарда жұмыс күні 11,5 сағатқа дейін қысқартылды. Жексенбі демалыс күні болып жарияланды.

11 6 жыл бұрын (1898) Пьер мен Мария Кюри Париж Академиясына ураннан басқа да радиоактивті элементтердің барлығы туралы айтылған баяндаманы ұсынды.

9 8 жыл бұрын (1916) ағылшын кәсіподақтары соғыс кезінде мерекелерден бас тартуға келісім берді.

9 6 жыл бұрын (1918) «Московская правда» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

9 3 жыл бұрын (1921) Францияда дәрігерлер Альбер Кальмет пен Камиль Герен балаға туберкулезге қарсы алғашқы екпені - БЦЖ-ны (Кальметт-Герен Бацилласы) жасады.

8 9 жыл бұрын (1925) АҚШ-та әйелдер ерлерден кем емес автомобиль жүргізушісі бола алатындығы туралы ресми түрде мәлім етілді.

4 2 жыл бұрын (1972) Мысыр президенті Анвар Садат КСРО-ны уәде етілген қару-жарақтың жеткізілімі болмай қалғаны үшін, Кеңес Одағынан елден 20 мың әскери кеңесшіні алып кетуді талап етті

40 жыл бұрын (1974) Польшаның Костантинов қаласында әлемдегі ең биік құрылыс - Варшава радиосының 646 метрлік мачтасы тұрғызылып бітті. Ян Поляк конструкциясы бойынша бой көтерген, салмағы 550 тонналық бұл мұнара 1991 жылы жөндеу жұмысы кезінде құлап түскен.

2 9 жыл бұрын (1985) аты көпшілікке аса таныс емес ресейлік бағдарламашы Алексей Пажитнов алғашқы Тетристі ойлап тапты.

«Тетристі» ойлап табу идеясы математик Соломон Голомб шығарған американдық бас қатыратын ойын «Pentomino Puzzle»-дан шыққан.

«Тетрис» пайда болған 20 жылдың ішінде ойынның барлық түрлері (соның ішінде ресми статистиканы және заңсыз сатылымдарды қоса алғанда) әлем бойынша үлкен даналармен тарады. Нақты айтқанда 250 млн. данамен. Мұндай танымалдылыққа электронды ойындардың бірде-бірі ие болған емес.

20 жыл бұрын (1994) 63 жастағы әйел рекорд жасап, дүниеге сәби әкелді. Оның бұл рекорды 2005 жылға дейін сақталып келді.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1924) жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері ФИЛАТОВ Валентин Михайлович дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1947-1963 жылдары «Ленинская смена», «Казахстанская правда» газеттерінің әдеби қызметкері болған. 1963 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысты.

Қаламгердің «На Миусе» атты алғашқы повесі 1961 жылы жарық көрді. 1970 жылы «Ақпан - қысқа ай» атты повестер мен әңгімелер жинағы жарыққа шықты.

7 6 жыл бұрын (1938) ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері БАЙБАРАҚОВ Ешімбет дүниеге келді.

Алматы облысының Кеген ауданында (қазіргі Райымбек ауданы) туған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік және Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1962-1974 жылдары әкімшілік-шаруашылық органдарында жауапты қызметтер атқарған. 1974-1994 жылдары «Абай» өндірістік құс шаруашылығы бірлестігінің бас директоры. 1994-1996 жылдары - «Абай» аймақтық акционерлік компаниясының президенті. 1996-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының проректоры, 1999 жылдан бастап Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің профессоры болып істейді. Байбарақовтың ғылыми-зерттеу жұмыстары құс шаруашылығы технологиясын жетілдіруге, ондағы өнімнің өзіндік құнын кемітуге, еңбек өнімділігін және шығын қайтарымдылығын арттыруға негізделген. Бірнеше кітаптың 78 ғылыми еңбектің және 4 монографияның авторы. 4 ғылым кандидатын даярлаған.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

7 5 жыл бұрын (1939) жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ТІЛЕУХАНОВ Төлек дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастаған. 1974-1996 жылдары «Жазушы» баспасының аға редакторы, бөлім меңгерушісі, «Айқап» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1996 жылдан «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болған.

Қаламгердің шығармалары 1965 жылдан бастап жарық көре бастады. Оның «Көрші келіншек», «Шарапатты жан», «Өзгенің бақыты үшін», «Өмір арнауы», «Мәуелі бәйтерек» әңгіме-повестері, «Келешек кіріспесі», «Үш ұрпақ мұңы» романдары жарық көрген. Көркем аударма саласында А.Маршалдың, А.Чеховтың, А.Плавканың, Х.Нәзірдің, А.Беляевтің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.

70 жыл бұрын (1944) дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері САДЫҚОВА Райса Құдайбергенқызы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы музыка училищесін, Алматы консерваториясын, Санкт-Петербор консерваториясын бітірген. 1964-1975 жылдары - Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртісі. 1975 жылдан Қазақ опера және балет театрының дирижері болған.

5 3 жыл бұрын (1961-1999) актер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ӘШІМОВ Сағи Асанәліұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген. Кинодағы ең алғашқы рөлі - «Өз дәніңді өсір» фильміндегі Қалам. Кейін «Мазасыз балалардағы» Әкім, «Ойлануға бір айдағы» Арыстан, «Қаралы сұлудағы» қызметші, «Айсұлу жайлы аңыздағы» Тәуекел хан, 4 сериялы «Шоқан Уәлиханов» телефильміндегі Шоқан, қазақтың тұңғыш көпсериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдаған.

4 4 жыл бұрын (1970) ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы ҒАЛЫМОВА Әлия Қайратқызы дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Қазақ. Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген (1992), әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы. Тарих ғылымының кандидаты (2006). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Солтүстік Қазақстанның қазіргі ауылдарындағы қазақ отбасылары»(этносоциологиялық зерттеу). 1987 жылдан бастап - С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1992 жылы - қазақ-герман техникалық бизнес колледжінің оқытушысы (Павлодар қ). 1995 жылдан бастап - оқытушы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы. 2003 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы. 2004 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасы әлеуметтік саяси бөлімінің сектор меңгерушісі, 2005 жылы - сектор меңгерушісі, 2006 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Саяси әлеуметтік бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2008 жылы - ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2010 жылы - Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2012 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы.

30 жыл бұрын (1984) қазақстандық теннисші ВОСКОБОЕВА Галина Олеговна дүниеге келді.

Мәскеуде туған. Мәскеуде Ресей Халықтар достығы университетін аяқтады. Ресейдің спорт шебері. Бүгінгі күні Қазақстан атынан жарыстарға қатысуда.

Жеке сындағы WTA рейтингісіндегі ең жоғарғы орын - 64 (2009 жылдың 16 ақпаны).

Жұптасып өнер көрсетуді WTA рейтингісіндегі ең жоғарғы орын - 31 (2007 жылдың 29 қаңтары).

5 2 жыл бұрын (1962) «ҚазТрансГаз» АҚ Аппаратының жетекшісі ЖАМАНБЕКОВ Алмас Мэлсұлы дүниеге келді Алматы қаласында туған. 1999-2000 жж. - «АТФ» Банк» АҚ әкімшілік басқармасының бастығы. 1998-2000 жж. - «Қазақстанның Халық банкі» ААҚ-да әкімшілік-шаруашылық департаментінің директоры,Аппарат жетекшісі, басқарушы директор. 2000-2001 жж. - «Қазтрансойл» ЖАҚ әкімшілік департаментінің бастығы. 2001-2002 жж. - «Мұнай және газ көлігі» ЖАҚ әкімшілік департаментінің директоры. 2002-2003 жж. - «Қазақстан Халық банкі» ААҚ Басқарушы директоры. 2003 жылы «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ-ның атқарушы директоры. 2003-2006 жж.- ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы.

2006-2007 жж. - «Қазақтелеком» АҚ-ның вице-президенті. 2007-2009 жж.- «Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі бас директоры. 2011-2012 жж. - «ҚазТрасГаз» АҚ бас директорының орынбасары. 2012 жылдың маусымынан «ҚазТрансГаз» АҚ Аппаратының жетекшісі.

6 7 жыл бұрын (1947) Алматы қаласы әкімі аппаратының іс басқарушысы ҚОСЫНОВ Төребек Олжабайұлыдүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірген. Еңбек жолын жылу желісі №17 учаскесінің слесарь-сантехнигі болып бастады, Қазақ егіншілік институтының «Қаскелең» тәжірибе шаруашылығында бригадирдің көмекшісі, бригадир болды, партия, шаруашылық қызметінде жауапты жұмыстар атқарды. 1991-1992 жылдары - ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының ұйымдық-инспекторлық және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 1992-1995 жылы - Алматы облысы Қаскелең ауданы әкімшілігінің әкімі. 1995-1996 жылдары - ҚР Орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 1997 жылы - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы. 1997-1998 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы. 2004-2005 жылдары - ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, ҚР Президентінің Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директоры. 2005-2008 жылдары - ҚР Президенті Күзет қызметінің штаб бастығы. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан бері.

«Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен, медальдарымен марапатталды.

9 6 жыл бұрын (1918-2013) ОАР-дың 1994-1999 жылдардағы президенті, саяси қайраткер, Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон МАНДЕЛА дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1933) кеңестік және ресейлік ақын, прозашы, көсемсөзші, киносценарист, кинорежиссер Евгений ЕВТУШЕНКО дүниеге келді.