18 шілде. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 18 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

18 шілде. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР

79 жыл бұрын (1944-2020) қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер әйел Раиса Құдайбергенқызы САДЫҚОВА дүниеге келді.

Алматы облысының тумасы. Алматы музыка колледжін, Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Н.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясын бітірген.

1964-1975 жылдары қазақ ұлттық аспаптық оркестрінің әртісі болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болды.

62 жыл бұрын (1961-1999) актер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сағи Асанәліұлы ӘШІМОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген.

Кинодағы ең алғашқы рөлі – «Өз дәніңді өсір» фильміндегі Қалам. Кейін «Мазасыз балалардағы» әкім, «Ойлануға бір айдағы» Арыстан, «Қаралы сұлудағы» қызметші, «Айсұлу жайлы аңыздағы» Тәуекел хан, 4 сериялы «Шоқан Уәлиханов» телефильміндегі Шоқан, қазақтың тұңғыш көпсериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдаған.

5 3 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комитеті аппаратының жетекшісі Әлия Қайратқызы ҒАЛЫМОВА дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. 1987-1992 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінде Саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы мамандығы бойынша білім алған. Тарих ғылымдарының кандидаты.

1992-1994 жылдары Павлодар қаласындағы Қазақ-Герман техникалық бизнес колледжінде тарих пәнінің мұғалімі, 1995-2003 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мұғалімі, 2000-2003 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мұғалімі, 2003-2008 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлімі басшысының орынбасары, 2008-2010 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет етті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2015-2016). «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі (02.2016 - 11.2016). ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы (2016-2019). 2019-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы.

2020 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

Марапаттары: «Құрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі.

36 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Асат Болатұлы НҰРПЕЙІСОВ дүниеге келді.

2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2012-2015 жылдары KPMG Tax and Advisory менеджмент консалтингінде жұмыс істеген. 2015-2016 жылдары – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі. 2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры. 2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жобалық басқару орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің міндетін атқарушы. 2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы аппаратының басшысы. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы

Қазіргі қызметін 2023 жылғы қаңтардан бастап атқарып келеді.