18 тоннадан астам контрабандалық жүкпен Қырғызстаннан Қазақстанға келе жатқан ҚР үш азаматы құрықталды

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат -18 тоннадан астам контрабандалық жүкпен Қырғызстаннан Қазақстанға келе жатқан еліміздің үш азаматы құрықталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметі.

18 тоннадан астам контрабандалық жүкпен Қырғызстаннан Қазақстанға келе жатқан ҚР үш азаматы құрықталды

2011 жылдың 1 маусымында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасы Тараз шекара отрядының «Гродиково» мен «Чолдалы» шекара заставасында шекарашылар Қырғызстаннан 18 тоннадан астам контрабандалық жүк - азық-түлік салынған жүк көлігімен өткізу бекетінен алшақтағы жолдан өтіп келе жатқан Қазақстанның үш азаматын ұстады.

Контрабанданың ұсталуы фактісіне қатысты құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр.