18 жасар бозбала мен ер адам шомыламын деп, суға кетті
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда 18 жасар бозбала мен ер адам суға кетіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Жексенбі, 27 мамыр күні Атырау облысы Алмалы ауылының маңында шомылу кезінде Жайық өзеніне 18 жасар бозбала батып кетті. Оның денесі судан ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД-нің судан-құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасының көмегімен шығарылды.
Сол күні Қостанай облысында Теңіз ауылының маңындағы суайдынында шомылу барысында 29 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.