18 жасар жігіт SMS жазу жылдамдығынан рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 жасар бразилиялық Марсель Фернандес Фильо смартфон экранында SMS-хабарлама жазудан әлемдік рекордты жаңартып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Бұл жарыс жақында Нью-Йоркте өткен. Оған қатысқандар ағылшын тіліндегі 26 сөзден SMS түріндегі мәтінді жылдам жазып шығуы тиіс болды. Фернандес мәтінді 18,19 секундте теріп шықты. Рекорд орнатушы EFE агенттігіне берген сұхбатында өзінің смартфонын жиі пайдаланатынын атап өткен. «Бұл қасиеттің маған күнделікті өмірде көп көмегі бар. Соның арқасында мен бір мезгілде бірнеше жұмысты бірдей атқара аламын»,-дейді Фернандес.