18 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 757-ракеткасы, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

18 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың жартылай финалына шықты
Фото: ҚТФ

Қазақстандық спортшы алдымен өзінің құрдасы, рейтингіде 1 607-орындағы ұлыбританиялық Бенжамин Гусич Ванды айқын басымдылықпен жеңді — 6:1, 6:0.

Әмір екінші айналымда рейтингіде 1 594-сатыдағы марокколық Амин Жамжимен тартысты матч өткізді. Бастапқы партияда марокколық спортшының мерейі үстем болды — 7:6 (7:2). Дегенмен бұдан кейін Омарханов камбэк жасай білді — 6:4, 6:3. 

Ә.Омарханов бүгін ширек финалда да камбэкпен жеңіске жетті. Бұл жолы ол әлемнің 913-ракеткасы, ирандық Касра Рахманидың меселін қайырды — 5:7, 6:4, 6:4.

Қазақстанның жас жұлдызы финалға шығу үшін әлемнің 857-ракеткасы, 27 жастағы германиялық Лука Виденманмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Индиан-Уэллс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Елена Рыбакина WTA Live рейтингісінде екінші орынға көтерілді

Елена Рыбакина ТОП-10-ға кіретін теннисшілерді қатарынан 11 рет жеңді.