18 жастағы қарағандылық бойжеткен әжесінің 2 млн теңгесін ұрлап алған
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 67 жастағы зейнеткердің немересі әжесінің 2 млн теңгеден астам қаржысын ұрлап алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Зейнеткер өзінің банктегі шотынан бөтен біреудің 2 млн теңгеден астам қаржысын жымқырғандығын айтқан.
Осы оқиға бойынша жедел іздестіру шараларының барысында зейнеткердің 18 жастағы немересі ұсталды. Бойжеткен өзінің қылмысын мойындады.
Ішкі істер департаменті өкілдерінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабы, 3 бөлігі бойынша іс қозғалды.