18 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бірден 87 орынға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингілерінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 4-позицияда қалды. Еске салсақ, өткен аптада Рыбакина Цинциннати (АҚШ) турнирінде өнер көрсеткен болатын. Алайда 1/8 финалда жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.
Юлия Путинцева бұрынғыша 79-орында тұр.
Ал 18 жастағы Аружан Сағындықованың рейтингі бара-бара жақсарып келеді. Екі апта бұрын ол 1056-позициядан тұрған еді. Өткен аптада 958-орынға көтерілсе, қазір 871-позицияда орналасқан.
Жұптық сында Анна Данилина екі позициясын жоғалтып, 28-інші болды. Ал Жібек Құламбаева 178-орында тұр.