18 жастағы сарбаз өз-өзін атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Шу облысы Джаны-жер ауылында орналасқан өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған түрмеде жас сарбаз өз-өзін атып өлтірді. Бұл туралы «Кабар» агенттігіне Жазаны орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтен мәлім еткен.
Анықталғандай, 6 маусым күні мерзімдік әскери борышын өткеріп жүрген 18 жастағы солдат №19 колониядағы өз бекетінде кезекшілікте тұрған. Сағат 10.40-та қарумен өзінің басынан атып жіберген.
«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Істі Әскери прокуратура қарап жатыр», - деп атап өтті Жазаны орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтен.