18 жастағы түркістандық қыз сайлауда алғаш рет дауыс берді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 18 жастағы түркістандық сайлауда алғаш рет дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласының тұрғыны Назгүл Қуандық бүгін алғаш рет сайлауға қатысып, дауыс берді.

Назгүл елі үшін өз таңдауын жасады. Ол маңызды саяси науқанда дауыс беруді өзінің азаматтық борышы деп біледі. Бүгін отбасымен бірге таңғы 7-де келіп, бір жанұядан 4 адам дауыс берген.

«Мен сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Алғашқыда әрі қызық, әрі қобалжу болды. Сайлау учаскесіне кіріп, өз даусымды беріп шықтым. Мен үшін бүгінгі күн ерекше есте қалды»-дейді ол.

Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша таңғы 07:00-ден 50 сайлау учаскесінің есігі ашық. Азаматтар кешкі 20:00-ге дейін өз сайлау учаскесіне барып дауыс бере алады.


Соңғы жаңалықтар
telegram