18 желтоқсанда Бейбіт Шүменов бұрынғы әлем чемпионы Кшиштоф Влодарчикпен жекпе-жекке шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 желтоқсанда АҚШ Невада штатының Лас-Вегас қаласында WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы уақытша әлем чемпионы 32 жастағы Бейбіт Шүменов осы салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы 34 жастағы поляк Кшиштоф Влодарчикпен жекпе-жекке шығады.
Осы кездесу аясында IBF нұсқасы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы атағы үшін кездесу өтеді. Бұл атақты 30 жастағы ресейлік Денис Шафиков пен 29 жастағы кубалық Рансес Бартелеми өзара сарапқа салады, деп жазады Sports.kz.