18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Республика аумағында ауа райының тұрақсыздығы сақталады.
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады деп күтілуде, жел күшейеді, боран соғады, жер көтайғақ болып, тұман түседі, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүтік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарында кей жерлерде боран соғады деп күтілуде, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді, боран соғады. Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, Жамбыл облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке күшейеді.