1800 қазақстандық отбасы бала асырап алу кезегінде тұр - Білім және ғылым вице-министрі

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 1800 қазақстандық отбасы бала асырап алу кезегінде тұр. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков ел Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» ҚР заңының жобасын талқылауда айтты.
None
None

«Жетім балаларды қамқорлыққа алған ата-аналарға Үкімет тарапынан қосымша жалақы төлеу мәселесін қазіргі уақытта республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізіп отырмыз. Біздің ұсынысымыз бойынша ол 30 айлық есептік көрсеткіштің деңгейінде болуы керек. Егер бұл мәселе қабылданатын болса, онда жетім балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің саны күрт өзгереді», деді ол өз сөзінде.

М.Сарыбековтің сөзіне қарағанда, мемлекет тарапынан қосымша ақша төленсе деген ұсынысты 6,5 мың баланы асырап алған ата-аналар жасап отыр екен. Ал жалпы елімізде бұл санаттағы ата-аналар саны 25 мыңды құрайды. Егер министрлік ұсынысы қабылданатын болса, онда жыл сайын республикалық бюджеттен 11 миллиард теңге көлемінде қаржы шығындауға тура келмек.

Сонымен қатар вице-министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта балалар үйлеріндегі жетімдер саны да жылдан-жылға азайып келе жатыр. «Өйткені қазіргі уақытта бала асырап алушы қазақстандық отбасылар саны артуда. Қазіргі таңда 1800 ата-ана бала асырап алу кезегінде тұр», деді М.Сарыбеков.

Соңғы жаңалықтар