1892 жылғы ғимаратта Алматы тарихының мұражайы ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу өлкесінің тарихи-мәдени саласын толығымен қамтыған жаңа мұражай ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

 
Мұражайда 40 мыңға жуық экспонат бар. Олардың арасында танымал шеберлердің тарихи бұйымдары, қолданған заттары және әр дәуірдегі мәдени, нумузматикалық құралдар сақталған. Мұражайда мультимедиялық технология, ақпараттық иллюстрациялық құралдар үйлесімді берілген. Мұражайдағы 11 залда көне дәуірден бүгінге дейінгі Алматы тарихи құжат, мұралармен берілген.

Мұражайдың ашылуында сөз сөйлеген қала әкімі Бауыржан Байбек мұндай мәдени нысандар туризмді дамыту үшін аса қажет екенін айтты.

 

«Бірнеше күн бұрын жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы мұражайға келіп, танысып шықты. Мұражайда Алматының 1000 жылдығы туралыф ЮНЕСКО-ның қарарын көрсеттік. Тәуелсіздіктің негізгі құжаттары Алматыда қабылданды. Ғимарат 1892 жылы салынған. Бұрын балалар үйі болған. Есік алдындағы саябақты сол балалар еккен. Ғимаратқа реконструкция жасап, ашып отырмыз. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып тарихымызды көрсеттік», - деді Бауыржан Байбек.

 

Айта кетейік, Алматы тарихи-өлкетану мұражайы 2001 жылы қаңтар айында құрылған. Аталған мұражай 2016 жылы Алматы қаласының мұражайы болып өзгерді. Жаңа мұражай ғимаратының аумағы 1350 шаршы метр. 


Соңғы жаңалықтар