19-25 тамыз аралығында Астана әуежайындағы түнгі рейстерге шектеу болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы 19-25 тамыз аралығында Астана Халықаралық әуежайы түнгі сағат 22-00 -ден 03-00-ге дейін ұшақтарды қабылдап, ұшыруды уақытша тоқтатты, деп хабарлады "ҚазАқпаратқа"әуежайдың маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінен.

«Оның басты себебі, түнгі уақытта ұшу-қону алаңында жарық-сигналдары берілмейді», делінген хабарламада. Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Астана әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа терминал мен ұшу-қону алаңын жөндеуге 60 млрд.теңге жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар
telegram