19 ақпанда Минскіде ЕАЭО елдерінің заңнамасын біріздендіру мәселесі талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 ақпанда Беларусь Ұлттық жиналысының Республика кеңесінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің заңнамаларын біріздендіру мәселесі талқыланады, деп хабарлады бүгін журналистерге Халықаралық істер және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Республика Кеңесі Тұрақты комиссиясының төрағасы Владимир Сенько. Бұл туралы БЕЛТА жазады.
None
None

«ЕАЭО нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді біріздендіру және үйлестіру: жағдайы, мақсаттары және міндеттері» атты тақырыпта Республика Кеңесі Президиумының жанындағы Беларусь әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі ғылыми-консультативтік кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді. Шара парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Михаил Мясниковичтің басшылығымен өтеді. Онда заң шығарушылар ғана емес, үкімет, министрліктер мен ведомстволар, ЕЭК Алқасы өкілдері де қатысады. Беларусь бірінші вице-премьері Василий Матюшевский мен Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Валерий Мицкевичтің қатысуы жоспарланған.

ЕАЭО туралы шарт 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Владимир Сенько атап өткендей, ЕАЭО Шартының күшіне енуі, оның қатысушыларының бағалауы бойынша, тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күшін еркін орналастыруда алымдар мен шектеулерсіз 180 млн-нан астам халықпен одақтың ДСҰ нормалары мен қағидаттарына негізделген жалпы нарығын қалыптастырудағы басты қадам болды.

Соңғы жаңалықтар