19 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы басталады.

09.00-де Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

11.00-де ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Астана қаласындағы Халықаралық мектептің 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізеді.

11.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында Астана қаласы полиция департаментінде «Есірткі заттары мен прекурсорларын заңсыз пайдалануға, алып жүруге, сақтауға байланысты қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері» туралы брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы ПД Анықтау басқармасының аға анықтаушысы полиция подполковнигі Данияр Нарымбаев.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шахматтан әлем чемпионатының қорытындылары және Қазақстан шахмат федерациясының 2023 жылға арналған жоспары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Сәдуақасов Дәрмен Қанатұлы; «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәулетова Гүлмира Бекзатқызы; шахматтың блиц түрінен 2 дүркін әлем чемпионы Асаубаева Бибісара Ерханқызы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Astana hub ғимаратында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы «Creative табыс тарихы» жобасы аясында бірегей тұлғалармен кездесу өткізеді. Сондай-ақ «The documentary of Killa Kolya» деректі фильм көрсетіледі. Ұйымдастырушы: «Kazakh Tourism» ҰК АҚ.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Таң самалы» классикалық вокал кеші өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Байланыс аясы» драмасы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «CHANEL №5» деректі драмасы ұсынылады.

19.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «ЕНТ тапсырмаймын» драмасы көрсетіледі.


Фото: home-of-energy.com


Соңғы жаңалықтар
telegram