19 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 19 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

7 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

59 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант Мүсілім Мұхтарұлы АЛТЫНБАЕВ дүниеге келді.

Мүсілім Мұхтарұлы АЛТЫНБАЕВ
Фото: inbusiness.kz

Қарағанды қаласында туған. 1987 жылы Ставропольдегі ұшқыштар мен штурмандарға арналған жоғары әскери авиация мектебін бітірді. 1995 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті институтының курстарын оқыды, 1998 жылы Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің әскери дипломатиялық академиясында білім алды. 2004 жылы АҚШ қарулы күштерінің ұлттық қорғаныс университетінде оқыды.

1987-1996 жж. Дива жауынгерлік авиациялық полкінің басқару пунктінің жауынгерлік бақылау офицері. Әуе қорғанысы, басшылықтың бағыттау пунктінің штурманы, әуе қорғанысы корпусының басқару пунктінің жауынгерлік басқару тобының басшылығының аға штурманы болды. 1996-1998 жылдары – Академия студенті. 1998-2006 жылдары Қазақстандағы АҚШ елшілігінің әскери атташесінің көмекшісі, 2006-2007 жылдары ҚР қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, 2007-2009 жылдары ҚР қорғаныс министрлігінің бас әскери инспекциясының бастығы, 2009-2010 жылдары командирдің бірінші орынбасары - штаб бастығы, 2010-2013 жылдары ҚР қарулы күштері «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болған. 2013-2016 жылдары ҚР қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары, 2016-2017 жылдары ҚР қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің бастығы, 2017-2020 жылдары ҚР қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2007), ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, тоғыз медальмен марапатталған.

56 жыл бұрын (1969) «АЭҮК» АҚ Бас директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары Ирина Анатольевна ГРЕЧАНИК дүниеге келді.

Ирина Анатольевна ГРЕЧАНИК
Фото: arek.kz

1993 жылы Өскемен жол құрылысы институтын қала құрылысы және шаруашылық, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2000 жылы Алматы экономика және статистика институтын бухгалтерлік есеп және аудит, бухгалтер-экономист мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақстан Американдық еркін университетін менеджмент, экономика және бизнес магистрі, іскери әкімшілендіру магистрі біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1993-1999 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық статистика және талдау басқармасында жетекші экономист, басқарма бастығы, 1999-2002 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық Статистикалық ақпарат орталығы қаржы статистикасы бөлімінің бастығы, 2002-2003 жылдары «Шығыс-Нан» ЖШС-да бас бухгалтер, 2003-2005 жылдары «Алекс Фирмасы» ЖШС бас бухгалтер қызметін атқарған. 2005-2007 жылдары «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер болып қызмет етті. 2007-2013 жылдары «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-да Қаржылық бақылау және ішкі аудит бойынша жетекші бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары, 2013-2019 жылдары «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС-да бас бухгалтер болып жұмыс істеді.

Қазіргі қызметін 2019 жылдың қыркүйегінен бастап атқарып келеді.

52 жыл бұрын (1973) Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Батырбекұлы МЫРЗАБЕКОВ дүниеге келді.

Аманжол Батырбекұлы МЫРЗАБЕКОВ
Фото: Gov.kz

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында туған. 1995 жылы Жамбыл гидромелиарация құрылыс институтын, 2013 жылы Қазақстан-Ресей университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1995 жылы Жезді аудандық комиссариаты 1-ші бөлім бастығының аға көмекшісі, 1997-2005 жылдары Ұлытау ауданы әкімі аппараты әкімінің көмекшісі, бас маман, бөлім меңгерушісі, 2005-2007 жылдары Ұлытау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2007-2017 жылдары Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары, 2017-2021 жылдары «Ұлытау ауданының жер қатынастары бөлімі» және «Ұлытау ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, 2021-2022 жылдары Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарған.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмақаметұлы ТӨРЕБАЕВ дүниеге келді.

Қайрат Қалмақаметұлы ТӨРЕБАЕВ
Фото: primeminister.kz

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, халықаралық экономист; Берн университетінің Дүниежүзілік сауда институты, халықаралық құқық және экономика магистрі.

Еңбек жолы: 1997-2001 жылдары жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 2001-2009 жылдары ҚР СІМ валюта-қаржы департаменті жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, ҚР СІМ және Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінде түрлі лауазымдарды атқарды. 2011-2012 жылдары Азия Даму Банкінің Орталық Азия өңірлік ынтымақтастық бағдарламасының үйлестірушісі, 2012 жылы ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаментінің бірінші хатшысы, 2012-2013 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрі хатшылығының кеңесшісі, 2013 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарған. 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, 2014-2019 жылдары ҚР ҰЭМ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, 2019 жылы ҚР ҰБ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып қызмет етті.

Атқаратын лауазымында – 2019 жылғы шілдеден бастап.

Соңғы жаңалықтар