19 қараша. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР
74 жыл бұрын (1948) «Мицва» Қазақстан Республикасындағы еврей ұлттық ұйымдар қауымдастығының президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Александр Иосифович БАРОН дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «педиатр-дәрігер» мамандығы бойыншы бітірді.
Еңбек жолын 1972 жылы теміржол ауруханасында педиатр-дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, ине терапевті болып бастаған. 1992 жылдан бері «Мицва» Қазақстан Республикасындағы еврей ұлттық ұйымдар қауымдастығының президенті. 2013 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы басшысының орынбасары, «Хэсэд Полина» республикалық қоғамдық бірлесітігі кеңесінің төрағасы.
66 жыл бұрын (1956) Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, ҚХП төрағасы Ермұхамет Қабидинұлы ЕРТІСБАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолын 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтында ассистент болып бастаған. Ломоносов атындағы ММУ-де стажер-оқытушы болды, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болды. 1990-1994 жылдары - Республика Жоғары Кеңесінің депутаты. 1994-1998 жылдары - Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы. 1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 1998-2000 жылдары - Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры. 2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі. 2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. 2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі. 2013-2017 жылдары ҚР-ның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды. 2017-2019 жылдары ҚР-ның Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілі.
«Құрмет», «Парасат»» және ІІІ дәрежелі «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина) ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
60 жыл бұрын (1962) Қазақстанның мемлекет қайраткері Сауат Мұхаметбайұлы МЫҢБАЕВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. 1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист-кибернетик» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1995-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде министрдің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары, бірінші вице-министр қызметтерін атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрі, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылы шілде айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі болды. 2001-2002 жылдары «Қазақстанның Даму банкі» ЖАҚ президенті қызметін атқарды. 2002 -2003 жылдары - «Каспий Өнеркәсіп - Қаржылық тобы» ЖШС бас директоры. 2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2004 жылғы желтоқсан айынан Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2006-2007 жылдары «Самұрық» Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі холдинг» АҚ басқармасының төрағасы. 2007-2010 жылдары - ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі. 2010-2013 жылдары - ҚР мұнай және газ министрі. 2013-2018 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
2018 -2021 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы.
ІІІ дәрежелі «Барыс» және «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1962) ҚР мемлекет қайраткері Нұрлан Шәдібекұлы АЛДАБЕРГЕНОВ дүниеге келді.
Алматы сәулет-құрылыс институтын, В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын, Д.А.Қонаев атындағы университетті бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1996 жылдан Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясаты комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. 2007 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. 2012-2017 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі – министр. 2017-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 2019 жылдың наурыз-шілде айларында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болды.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (2019) медалімен марапатталған.
51 жыл бұрын (1971) Жетісу облысы полиция департаментінің басшысы Атығай Ғазымбекұлы АРЫСТАНОВ дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистратурасын бітірген. Білімі - құқықтану, құқық қорғау қызметінің магистрі.
Ішкі істер органдарында 1992 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет атқарады.
Еңбек жолын жедел қызметкерден бастап қызмет және жедел жұмыс басшысына дейін әр түрлі лауазымды қызметте болған. 2008-2010 жылдары-Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының бастығы. 2010-2012 жылдары-Ақмола облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы. 2012-2016 жылдары-Қостанай облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2016 жылы-Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары. 2016-2019 жылдары-Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.
2019-2021 жылдары-Ақтөбе облысы ПД бастығы. 2021-2022 жылдары -Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың шілдесінен.
ІІ-дәрежелі «Айбын» ордені мемлекеттік марапатының иегері.
43 жыл бұрын (1979) Ақмола облысы прокурорының орынбасары Жандос Бибосынұлы БЕРДІҚҰЛОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, құқықтану.
Еңбек жолы: прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастаған, әр жылдары Тараз қаласы прокурорының орынбасары, Жамбыл мамандандырылған прокуроры, Мойынқұм және Талас аудандарының прокуроры; Жамбыл облысының Шу ауданаралық прокуроры қызметтерін атқарған.
Қазіргі қызметінде - 2020 жылғы наурыздан бастап.