19 маусым күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 19 маусым күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

 19 маусым күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы болады.

11.00-де Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

12.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми өкілінің кезекті брифингі өтеді.

15.00-де Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қолжазба – ғасырлар мұрасы» атты көрмесі және Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және басқарма өкілдерімен кездесу өтеді.

Соңғы жаңалықтар