19 маусымда республикамыздың басым бөлігінде аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болумен байланысты күн райы ашық болады, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.

19 маусымда республикамыздың басым бөлігінде аптап ыстық болады

Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде аса ыстық ауа райы күтіледі.

Атырау облысында аптап ыстық болады.

Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.