19 млн өзбекстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Өзбекстанда ел тұрғындарын жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы бүгінге дейін 42,7 миллион дозадан астам вакцина қолданылды, деп хабарлайды ӨзА сайты.
Өзбекстан ДСМ хабарлауынша, 9 ақпан күні аталған елде COVID-19-ға қарсы жалпы 78 266 доза вакцина қолданылған.
Қазгі күнде республика бойынша жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның 42 793 444 дозасы егілді.
Жалпы қолданылған екпенің І компонентін 19 491 725, ІІ компонентін 14 892 094, ІІІ компонентін алғандар 8 409 625 жеткені айтылады министрлік хабарында.
ДСМ дерегінше, қазіргі уақытта республикада вакцинаға қабілетті ел тұрғындары арасында COVID-19-ға қарсы екпенің І компонентін алғандар 90,8 пайызды ал, толық егілгендер саны 69,8 пайызға жеткен.