19 наурыз. Туған күн иелері

Бүгін, 19 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

күнтізбе
Фото: ҚазАқпарат

55 жыл бұрын (1969) «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Болатханқызы ШАЯХМЕТОВА дүниеге келді.

 ШАЯХМЕТОВА Умут Болатхановна
Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласында туған. 1993 жылы П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің экономика және құқық факультетін экономист мамандығы бойынша, 1996 жылы Rutgers university (АҚШ, Нью-Джерси қ.,), МВА дәрежесімен бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерін біледі.

Еңбек жолы: 1993 жылдан ҚР Ұлттық банкінің маманы. 1997 жылдан АBN AMRO BANK құрылымдық қаржыландыру бөлімінің маманы. 1998 жылдан АBN AMRO Asset management басқарма төрайымы. 2000 жылдан «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарушы директоры; АBN AMRO BANK басқарма төрағасының орынбасары. 2004-2009 жылдары «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма терағасының орынбасары болды.

2009 жылдан бері «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы қызметінде.

«Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

51 жыл бұрын (1973) «Жаңарту» жекеменшік қайырымдылық қорының атқарушы директоры Қуанышбек Тынышбекұлы ЖҰМАНОВ дүниеге келді.

 ЖУМАНОВ Куанышбек Тынышбекович
Фото: Я.Радловский

Алматыдағы шет тілдері педагогикалық институтын (1992); Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар факультетін (1996); Альберт Людвиг атындағы Фрайбург университетінің халықаралық қатынастар магистратурасын (Фрайбург, Баден-Вюртемберг, Германия) (1994) бітірген. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты;Альберт Людвиг атындағы Фрайбург университетінде (Фрайбург, Германия Федеративтік Республикасы) магистр дәрежесін алған (2003); Дюк университетінде (Солтүстік Каролина, АҚШ) білім алды.

Еңбек жолы: 2003 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық-құқықтық департаментінің атташесі болды, сол жылы атташе, Елшінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісінің хаттамасы. 2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінің саяси тобы, 2005-2006 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестермен және комиссиялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, 2006-2007 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметінің аға сарапшысы, 2007-2008 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы, 2008 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының консультанты, 2008-2009 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, 2009-2011 жылдары баспасөз қызметінің басшысы - ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл, ақпарат және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы болып қызмет атқарған. 2011 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасының басшысы, 2011-2012 жылдары ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, 2012-2013 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының аға кеңесшісі, 2013-2016 жылдары «Транстелеком» АҚ Президентінің кеңесшісі болды.

Қазіргі қызметін 2016 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.

49 жыл бұрын (1975) NCOC Үкімет және коммуникациялармен байланыс жөніндегі бас менеджері Ақерке Естайқызы АХМЕТОВА дүниеге келді.

АХМЕТОВА Акерке Естайкызы
Фото: primeminister.kz

Алматы қаласында туған.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Көкшетау университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Sheffield университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау қ. коммерциялық кәсіпорындарда бастады.

2000-2015 жылдары ҚР Әділет министрлігінде Халықаралық шарттар жобаларын сараптау бөлімінің бас маманы, басшысы, Сараптама және құқықтық насихат департаменті директорының орынбасары, Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2015-2017 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры болды. 2018-2019 жылдары ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттік мүлік құқығын қорғау департаментінің директоры қызметін атқарған.

2019-2023 жылдары ҚР әділет вице-министрі қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келеді.

48 жыл бұрын (1976) боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы, ХXVІІ Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, республикалық «Көкпар» федерациясының президенті Мұхтархан Қабыланбекұлы ДІЛДӘБЕКОВ дүниеге келді.

ДИЛЬДАБЕКОВ Мухтархан Кабланбекович
Фото: kfb.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Университет қабырғасында жүріп бокспен айналыса бастаған. XII Азия ойындарының жеңімпазы, Бангкок қаласы; Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Хьюстон қаласы (АҚШ); Сидней олимиадасының күміс жүлдегері; Шығыс Азиялық ойындардың жеңімпазы, Осака қаласы (Жапония); XV Азиялық ойындардың күміс жүлдегері, Доха қаласы (Қатар); Афина олимпиадасына қатысқан.

1998-2000 жылдары «Локоматив» теміржол денешынықтыру және спорт клубының әдіскер-нұсқаушысы, «Локоматив» спорт клубының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы болды. 2000-2007 жылдары облыстық кешенді жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы ұстазы, 2007-2008 жылдары №5 Шымкент қалалық мамандандырылған бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдан наурызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

125 жыл бұрын (1899-1974) қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер, қоғам қайраткері Мәдина Қожбанқызы БЕГАЛИЕВА дүниеге келді.

БЕГАЛИЕВА Мадина
Фото: e-history.kz

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында туған. Хан ордасындағы (қазіргі Орда ауылы) үш жылдық педагогикалық курсын, Ордадағы Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партия мектебін, Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 1922-1935 жылдары – Бөкей, Орал губерниялары және Сырдария округінің Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитеттерінде әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Қазақстан өлкелік комитетінің нұсқаушысы, Өлкелік өнеркәсіп одағы төрағасының орынбасары. 1935-1943 жылдары Балқаш мыс қорыту зауытында инженер болды. 1943-1948 жылдары Атырау облыстық Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, республикалық бақылау органында бақылаушы болып істеді. 1949 жылдан зейнет демалысында болды.

теміржол, жүк тасымалы
Ұқсас жаңалықтар

Қытайға ұн жеткізу көлемі 2 есеге артты - Көлік министрлігі