19 наурыз. Жылнама

Kazinform оқырман назарына 19 наурызға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.

оқиға
Фото: ҚазАқпарат

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық клиенттер күні

Алғаш рет 2010 жылы аталып өткен. Содан бері жыл сайын бұл мерекеніЕуропа және Америка елдері қолдап келеді. Атап айтқанда, бұл күнікәсіпкерлер клиенттеріне ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, өздерініңризашылығын білдіреді.

Халықаралық «Маған оқып бер» күні

Жыл сайын аталып өтеді. Ересектерге балаларына кітап оқып берудіңмаңыздылығын еске түсіру үшін және балаларды ата-аналарынан немесебасқа ересектерден оларға оқып беруді сұрауға шақыру үшін құрылған. Халықаралық «Маған оқып бер» күнін 2018 жылы аустралиялық жазушы, спикер және баспагер, Child Writes негізін қалаушы Эмма Мактаггартбастады. Child Writes – бастауыш мектеп жасындағы балалардыңмүмкіндіктерін кеңейтуге және оларға өз сурет кітаптарын жасау мүмкіндігіарқылы дауыс беру құқығын беруге бағытталған әдеби насихатбағдарламасы.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1931 жылы Қазақстандағы алғашқы әрі алдыңғы қатарлы медициналық оқуордасының бірі – С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналықакадемиясы ашылды.

1996 жылы ҚH Президентінің төрағалығымен Жоғарғы сот кеңесінің біріншімәжілісі өтті.

2001 жылы Астана қаласының «Астананың гүлденуі – Қазақстанныңгүлденуі» атты әлеуметтік-экономикалық дамуының (2005 жылға дейін) мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

2013 жылы Алматыда қаржыгерлер аллеясы ашылды. Оған 70 Тянь-шаньшыршасы отырғызылды.

2013 жылы «Эйр Астана» компаниясының Emblaer әуе лайнерінеҚазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық және «Тарлан» сыйлығының лауреаты Әмина Өмірзақованың есімі берілді.

2014 жылы Қытай астанасының орталығында «Чаоян» саябағында қазақтыңұлы ақыны әрі ойшылы Абайға арналған ескерткіш ашылды (мүсінші Юань Сикунь).

2015 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) хатшылығындаұлттық нақыштағы «Астана» мәслихат залы салтанатты түрде ашылды. ШОС хатшылығының бірнші қабатында орналасқан залдың ауданы 60 шаршыметрден асады.

2017 жылы қазақстандықтар Сұңғат Закарин мен Аслан Қанатбек джиу-джитсудан Грекия астанасы Афинада өткен жастар арасындағы Әлемчемпионатында әлем чемпионы атанды. Жеке және командалық есепте үздікатану үшін әлемнің 45 елінен жиналған 1000-нан астам спортшы күресжүргізді.

2018 жылы Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде - 89) Американың Ирвинг қаласында өткен жүлде қоры 150 000 доллар Челленджердің жеңімпазы атанды.

2019 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігінтоқтататынын мәлімдеді. Конституцияға сәйкес, ҚР Президентінің өкілеттігіҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Қасым-ЖомартТоқаевқа ауысты.

2021 жылы Алматыда белгілі жазушы, әдебиеттанушы, қазақ әдебиетініңкөрнекті өкілі Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды. Ескерткішті салтанаттытүрде ашу шарасында Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы ҚырымбекКөшербаев Қазақстан Президентінің құттықтау хатын оқып берді. «Халқымыз «Гераға» деп құрмет тұтқан Герольд Карлович саналығұмырында ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениетін өркендетуге, қазақ тілініңқарыштап дамуына айрықша үлес қосты. Бала шақтан дала демократиясынбойына сіңіріп өскен қарымды қаламгер ұлт руханиятындағы өткір де өзектімәселелерді де әрдайым бүкпесіз айтып, қоғамда талқылап, оларды шешужолдарын ұсынып отырды. Ең бастысы, жазушы Герольд Бельгер өзінің өмірімен өнері арқылы бірлігі жарасқан біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыруісіне қалтқысыз қызмет етті», - деп жазылған Президент Қасым-ЖомартТоқаев жолдаған хатта.

2021 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі құрамдас бөлігінде алтын компонентібар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік «Есте қалар оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan» коллекциялық монеталарын шығарды.

Номиналы – 1 000 теңге, жалпы массасы – 62,2 грамм, 925/1000 сынамалыкүмістен, массасы – 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалыалтыннан, массасы – 16 грамм, «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған.

2023 жылы Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарыныңкезектен тыс сайлауы өтті. Бұл сайлау азаматтардың бір күні Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлағанымен, екі жүйенің бірмезгілде – пропорционалды (партиялық тізімдер бойынша) жәнемажоритарлық (бір мандатты сайлау округтері негізінде) пайдаланылуыменерекшеленді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Amanat партиясына 3 431 510 адам дауыс берді, 53,9%, 40 мандат; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 693 938, 10,9 %, 8 мандат;Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы – 535 139, 8,41%, 6 мандат; Қазақстан халық партиясы – 432 920, 6,8 %, 5 мандат; Respublicaпартиясы – 547 154, 8,59%, 6 мандат; Жалпыұлттық социал-демократиялықпартиясы – 331 058, 5,2%, 4 мандат; Қазақстанның «Байтақ» жасыл партиясы– 146 431, 2,3%, Мәжілістен депутаттық мандат алмайды.