19 наурызда Мысырда Конституцияға өзгертулер енгізу бойынша референдум өтеді

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат -19 наурызда Мысырда Конституцияға өзгертулер енгізу бойынша референдум өтеді.

19 наурызда Мысырда  Конституцияға  өзгертулер  енгізу бойынша  референдум    өтеді

Бұл туралы жұма күні елдің Қарулы күштерінің жоғары кеңесінен хабарлады.

Елдің Негізгі заңына өзгертулерді бұрынғы судья Тарек әл-Бишри жетекшілік еткен арнайы комитет әзірлеп отыр. Армия қолбасшылығы әзірлеген уақытша кестеге сәйкес, бұл референдумнан кейін Мысырда парламенттік және президенттік сайлаулар болады. Олар маусым және тамыз айларында өтеді деп пайымдалуда.

Ал 1 қазанда Жоғарғы кеңес өз билік өкілеттігін жаңадан сайланған Мемлекет басшысына тапсырады. Жаңа Президент өз кезегінде Мысырдың жаңа Ата заңын әзірлеумен айналысатын болады.