14:11, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
19 наурызда Мысырда президенттік сайлау науқаны басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Египетте 19 наурызда президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу басталып, ол үш аптаға жалғасады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы дерек көздерінен мәлім болды.
Жексенбі күні ЕАР уақытша президенті Адли Мансұр мысырлық СВС телеарнасына берген сұхбатында барлық президенттік сайлау науқанының 60 күнге жоспарланғанын хабарлады. «Маусымда елдің жаңа президенті болады», - деп атап өтті ол. Бірақ өзі алдағы сайлауға қатыспайды. «Қазіргі уақытта ұсынылған жалғыз үміткер - Хамдин Саббахи. Қорғаныс министрі және вице-премьер Абдель Фаттах ас-Сиси сайлауға түсуге ниетті», - деп атап өтті Адли Мансұр.
Мемлекет басшысын сайлаудың нақты қай күні өтетіні таяу уақытта жариялануы тиіс.