19 наурызға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ел аумақтарында ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде бұрқасын, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысының кейбір жерлерінде жел күшейіп, 15-20 м жетеді. Жамбыл облысының бірқатар ауданында 17-22 м/с дейін жел күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында қатты жел болып, кейбір аймақтарында түнде және таңертен 25 м/с дейін жетеді. Маңғыстау, Қызылорда, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрып, желдің күші секундына 17-22 м/с дейін жетсе, Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, кейбір жерге тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында жел 17-22 м/с дейін жетіп, бұрқасын, көктайқақ болып, тұман түседі. Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына17-22 метрге дейін, сондай-ақ 23-28, ал кейбір аудандарда 30м/с дейін барады. Тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ сақталады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с дейін барады, ал Қарағанды облысында түнде желдің күші 15-20, ал күндіз 15-20 м/с дейін сақталады.