19 сәуірде республиканың оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарында жауын-шашын болып, жел күшейеді

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігі бұрынғыша антициклонның ықпалында болады, соған байланысты күн ашық болады.
None
None

Республиканың солтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтары ғана атмосфералық ағындардың ықпалында болып, кей жерлерде жауын-шашын болады, жел күшейеді, тұман түсуі байқалады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі күтіледі, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы, күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі, таңертең және күндіз желдің 15-20 м/с-қа жетуі күтіледі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел күшейіп, 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Таяудағы тәуліктерде Оңтүстк Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының өзендерінде судың деңгейі құбылады. Шығыс Қазақстан облысының көптеген өзендерінде су шығыны ұлғаяды. Жайық өзенінде, Есіл өзенінің СҚО шегінде көктемгі тасқынның одан әрі бірте-бірте өрістеуі күтілуде.

Соңғы жаңалықтар