19 сәуірде жел күшейіп, тұман түседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Тек батыста, солтүстік батыста атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты кей жерлерде жауын жауады. Ал солтүстік батыста күн күркіріп, тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 сәуірде жел күшейіп, тұман түседі

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша Солтүстік Қазақстанда, Ақмола, Түркістан облыстарында күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Ал Қостанай облысында кей жерлерде күн күркіріп, тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.