19 шетелдік кәсіпорын Қазақстанға көшірілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 шетелдік кәсіпорын Қазақстанға көшірілді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірқатар шетелдік кәсіпорынды Қазақстанға релокациялау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде 19 компания көшірілді. Қалғандары пысықталу үстінде», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, сайлауалды бағдарламаға сәйкес, алдағы 7 жылдың ішінде 150 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы жылдың І жартыжылдығының қорытындысында елімізге 14,5 млрд доллар инвестиция тартылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 28 пайызға артық.

«131 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін, сомасы 30 трлн теңге болатын 850 инвестициялық жобадан тұратын жалпыұлттық пулмен жұмыс істеліп жатыр. Осы жылдың қорытындысында 2 трл теңгенің 190 жобасы пайдалануға беріледі», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар