19 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 19 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.
None
None

ЕСІМДЕР

69 жыл бұрын (1953) саяси қайраткер, ҚР Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Людмила Григорьевна ПОЛТОРАБАТЬКО дүниеге келді.

Ресейдің Новосібір облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1977). Заңгер, соттың бірінші квалификациялық санаты бар. Алматы қаласы аудандық сотының іс жүргізушісі, сот атқарушысы, Қазақ ССР Әділет министрлігі Сот органдары басқармасының аға консультанты, Алматы қалалық сотының мүшесі, Алматы қаласы аудандық сотының халық соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мүшесі болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған. 2019 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарімен марапатталған.

62 жыл бұрын (1960) филолог, әдебиет сыншысы, режиссер, сценарист Ғалым Төлембекұлы ДОСКЕН дүниеге келді.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Әр жылдары «Қазақстан республикалық телевидение және радио корпорациясы» ЖАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2001-2002); «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2002-2006); «Ел» продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі (2007 жылдан бастап) болып қызмет еткен. «Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі», «Жоғалған жарық хроникасы» және т.б. фильмдерінің, «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта», «Билейтін құс» кітаптарының, «Жезтырнақ» балеті либреттосының, аудармалардың авторы.

59 жыл бұрын (1963) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Бекетжан Махатжанұлы ЖҰМАХАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. КСРО Қорғаныс министрлігі Әскери Қызыл ту институтының шығыс факультетін (1985), РФ СІМ Дипломатиялық академиясын (1994), РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын (1998) бітірді. Еңбек жолы: Кампучияда бас әскери кеңесшінің референт-аудармашысы (1985-1988), әскери бөлімнің референт-аудармашысы (1988-1990), Қазақстан Республикасы / Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы (1991-1993), Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы (1993-1995), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші хатшысы (1995-1996), Қаржы академиясының тыңдаушысы (1996-1998), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, бөлім басшысы (1998-2000), Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының кеңесшісі (2000-2001), Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдігінің екінші хатшысы (2001-2003), Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі аппаратының Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі (2003-2005), Қазақстан Республикасы Президентінің хаттама шефінің орынбасары (2005-2006), Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі (2006-2008), Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің кеңесші-елшісі (2008-2011), Қазақстан Республикасының Санкт-Петербор қаласындағы Бас консулы (2011-2013), Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2013-2019), Қазақстан Республикасының Камбоджа корольдігі және Лаос Халықтық-Демократиялық республикасындағы Елшісі (2014-2019). Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше істер жөніндегі Елшісі (2019-2021) Қазіргі қызметінде 2021 жылдан бастап.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» (2001), «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» (2006), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

58 жыл бұрын (1964) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нариман Төреғалиұлы ТӨРЕҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Тайпақ ауданы Есенсай ауылында туған. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын – инженер-экономист, 2004 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы «Есенсай» кеңшарында жұмысшы болып бастаған ол 1982-1984 жылдары Венгрияда әскери борышын өтеді. Еңбек жолында Теректі аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, Орал қаласындағы жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары сынды жауапты қызметтерді атқарды. Сондай-ақ, 2008-2010 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің директоры болды. Ал 2010-2012 жылдары облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы. Сонымен қатар, Нариман Төреғалиев 2012-2015 жылдар аралығында Ақжайық ауданының әкімі болды. 2016-2017 жылдары Орал қаласының әкімі болды. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың маусым айынан бері. 49 жыл бұрын (1972) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Тұрғанұлы ТӨКЕЖАНОВ дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. 1994-1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы салық инспекциясының аға салық инспекторы болып қызмет атқарды. 1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінде қызмет атқарды. 1999-2000 жылдары - Медициналық қызметке ақы төлеу орталығының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі директорының орынбасары, директоры. Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық» РМК-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры. 2001-2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Ақпараттық-медициналық орталығын басқарды. 2003 жылдың қараша айынан медицинаны және халықаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бастығы, 2005-2007 жылдары стартегиялық даму және халықаралық қатынастар басқармасының бастығы болды. 2007-2010 жылдары Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары, Қаржы және экономика департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2010-2013 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры болды. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі. 2017-2020 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы. 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің (2002), ҚР Денсаулық сақтау министрінің (2004) құрметті граматоларымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2006).

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1979) «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ креатив директоры Нұрлан Нұғманұлы ҚОЯНБАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген (2000); Экономика және құқық, қаржы және несие академиясы (2011); әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультеті (2015).

КВН ойындарына сәтті қатысып, «Astana.kz» (кейін «Қазақтар») КВН Жоғарғы лигасының командасының капитаны болды. 2003 жылы Қазақстанның ең үздік КВНшісі және 2006 жылы Ресейдің ең үздік КВН ойыншысы болып танылды. 2000 жылдардың басында Нұрлан Қоянбаев қазақстандық телевидениеде штаттан тыс сценарист ретінде жұмыс істей бастады. «Алматы – алғашқы махаббатым», «Намыс дода», «Тойбастар», «Қызылстан», «Қызық радиосы», «Шатахана» атты бірқатар ойын-сауық тележобаларына қатысқан. «Қыздар-ай», «Қазақша концерт», «Әңгіме болсын», «Әзіл студиясы» скетч-шоуы, «Ризамын» жасырын камерасы бар шоу тележобаларының авторы әрі продюсері болды. 2013 жылдың 14 қазанында Qazaqstan телеарнасында «Түнгі ток-шоу» форматында көрсетілетін «Tungi Studio Нұрлан Қоянбаев» жаңа бағдарламасының жүргізушісі болды. 2017 жылдың ақпан айында Қазақстан РТРК бас продюсері болды.

2022 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар