19 тамыз. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 19 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
62 жыл бұрын (1962) «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айвар Жиреншеұлы БОДАНОВ дүниеге келді.
Тараз қаласында туған. 1984 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «Өзен құрылыстарының және гидроэлектростанциялардың гидротехникалық құрылысы» мамандығы бойынша, 1996 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл таратушы электржелілері кәсіпорнындағы жоғары вольттік әуе жүйесінің шебері қызметінен бастады. 1985 жылы «Гражданстрой» ҚБ-да шебер, жұмыстардың аға өндірушісі болып еңбек етті. 1986-1988 жылдары «Джамбулстрой» тресінің «Культбытстрой» ҚБ-да бас инженер. 1988-1989 жылдары КСРО ІІМ Свердлов жоғарғы курстарының тыңдаушысы болды. Халық Банкінде 2014-2017 жылдары Қауіпсіздік департаменті директоры, Халық Банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет етті. 2018 жылғы 26 наурызда Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына қайта қабылданып, Басқарма мүшесі болып сайланды. 1990–2014 жылдары: ішкі істер, мемлекеттік тергеу комитеті органдарында, салық және қаржы полициясында қызмет атқарды. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полицисы) Төрағасының орынбасары, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы, Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаментінің басшысы; Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу бойынша департаменті басшысы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстары бойынша Қаржы полициясы департаментіның басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс жасады және тағы лауазымдарда еңбек етті. 2017 жылы ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаменті басшысы, үшінші қызметтің басшысы, 2018 жылы ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Қаржы полициясының генерал-майоры. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және медальдармен марапатталған.
45 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиұлы ЖҰМАҒАЛИ дүниеге келді.

Қостанай облысы Арқалық қаласында туған. 2000 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2001-2010 жылдары прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды, атап айтқанда Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, ҚР Бас прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған. 2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі, Тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, Тергеу департаментінің бастығы, 2014-2016 жылдары ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры, 2018-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу департаменті басшысының орынбасары, 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған. 2019-2021 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, 2021-2022 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы, 2022-2023 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.
44 жыл бұрын (1980) Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Қалижан Жеңісбекұлы ҚОБЛАНДИН дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2006 жылы РФ ІІМ басқару Академиясын тәмамдаған.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 2002 жылы Батыс-Қазақстан облысының ІІБ 9-шы басқармасы экономикалық қауіпсіздік бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастаған. 2002-2016 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған. 2016-2017 жылдары Қызылорда облысының ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, 2017-2019 жылдары Қызылорда облысы ІІД бастығының орынбасары, 2019-2023 жылдары Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2023-2024 жылдары ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2024 жылғы қаңтардан бастап атқарып келеді.
39 жыл бұрын (1985) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитұлы САМИТОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген, мамандықтары бойынша заңгер және экономист.
Еңбек жолы: 2007-2015 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында қызмет еткен. 2015-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының 1-Департаментінің прокуроры, аға прокуроры, 2017-2018 жылдары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, 2019 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында меңгерушінің орынбасары, 2019-2021 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, 2021-2024 жылдары ҚР Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.
Қазіргі қызметінде – 2024 жылдың 14 маусымынан бастап.