Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

19 тамызда ШҚО-да орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Шығыс Қазақстанда орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология министрлігі мәлім етті.

19 тамызда ШҚО-да орманда өрт тіркелді
Фото: Видеодан алынған скрин

Министрліктің мәліметінше, өрт ошақтары РМҚК «Қазавиаорманқорғау» әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі кезінде жедел анықталған.

— Өртті сөндіру жұмыстарына орман шаруашылығы қызметкерлері, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» күштері және қажетті арнайы техника тартылды. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толықтай сөндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, отты абайлап пайдалануға және табиғи аумақта қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Айта кетейік, СҚО-да орман өрті бес есеге көбейген.