19 тамыз. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Оның есімі ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті мәрте тіркелген. Негізгі мамандығы – суретші.
Жыланбаев 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипедпен, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафон) бастап, сол жылы Ресейдің Барнауыл қаласында 85 шақырымды 6 сағат 43 минут 23 секундта жүгіріп өткен. Рекордтар кітабына енген жетістіктері: 23 күнде 23 марафондық қашықтықты жүгіріп шықты (күніне 42 шақырым 195 метр), кейін 15 күнде 30 марафон, жарты жылда 75 марафон және бір жылда 226 марафондық қашықтықты еңсерді. Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен 7 күнде шықты. 20 күнде ұзындығы 1200 шақырымдық Қарақұм, 24 күнде Африкадағы қашықтығы 1700 шақырымдық Сахара шөлдерін кесіп өткен. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтсе, 1994 жылы АҚШ-тың Невада штатындағы үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992-1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшысының қатарына енді.
Теміртау қаласында туған. 1989 жылы А.В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. 1998 жылы ҚМЭБИ-де іскерлік әкімші магистрі дәрежесін алды. 2007 жылы «Халықаралық үлгідегі мектептерде білім жүйесін басқарудың әдістемелік негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры. 2001 жылдан «Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2004 жылдан «ҚБТУ» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы.
«Парасат» орденімен марапатталған.
Павлодар облысында туған. Красноармейка ауылшаруашылық техникумын, техник-механик (1991); Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын, құқықтану бакалавры (2007); Инновациялық Еуразия университетін тәмамдады, экономика және бизнес бакалавры (2014); Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін, тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру бакалавры; заң ғылымдарының магистрі (2017) атанды.
Еңбек жолы: Қашыр ауданы Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы (1987); Качир кентіндегі құрылыс материалдары және конструкциялар комбинатында слесарь-сантехник (1991-1992); Павлодардағы «Энергожилстрой 1» құрылыс басқармасының монтажшысы болды. Кашыр ауданының ішкі істер бөлімінде және прокуратурасында түрлі қызметтер атқарды (1994-2000); Кашыр ауданының әкім аппараты басшысы болып жұмыс істеді (2005-2008); Ақсу қаласы әкімінің орынбасары қызметінде еңбек етті (2008- 2011); Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы (2011-2013); Павлодар қаласы әкімінің орынбасары (2013-2014); Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі (2015-2017); Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің машина жасау басқармасының бастығы (2017-2020); Павлодар қаласының әкімі (2020-2021).
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың шілдесінен бастап.