19 жастағы қыз Periscope тікелей эфирінде өз-өзіне қол жұмсады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда 19 жастағы бойжеткен Periscope қосымшасындағы тікелей эфирінде өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.
Бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамастан бұрын бірнеше жақын адамына ниеті туралы айтып, SMS хабарламалар жіберген. Қазіргі уақытта полиция аталған іске қатысты тергеу жұмыстарын бастады, деп жазады 24.kz.