19 желтоқсан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 19 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

19 желтоқсан. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

120 жыл бұрын (1899-1938) қазақ тілі білімінің негізін қалаушылардың бірі, түркітанушы, педагог-ағартушы, профессор Құдайберген Қуанұлы ЖҰБАНОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Темір ауданында туған. Електегі (Орынбор облысы) екі кластық орыс училищесін, Орынбордағы «Хусайния» медресесін, Санкт-Петербург Шығыстану институтының толық курсын, КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институты аспирантурасын бітірген. Темір қаласындағы уездік оқу бөлімінің, Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінде нұсқаушы-әдіскер және педтехникумының оқытушысы, Қазақ КСР Оқу халық комиссариатының ғылыми және оқу-әдістеме кеңесінің төрағасы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінің сектор меңгерушісі, мемлекеттік Терминком төрағасы қызметтерін атқарған. Жұбановтың тіл білімі бойынша жазған еңбектері қазақ әліпбиі мен орфографиясы мәселелеріне арналған. «Көмекші етістіктер мен күрделі етістіктер», «Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің жасалуы», «Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары», «Фонетика», «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар», «Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе», «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі», «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан», «Буын жігін қалай ажыратуға болады», т.б. еңбектері - қазақ тіл білімі теориясын жасау және оны дамытуға қосылған үлкен үлес. Латын әліпбиіне негізделген қазақ орфографиясын жасауға қатысты. «Термин сөздердің өзіндік ерекшеліктері», «Қазақ әдеби тіл терминологиясының мәселелері» атты еңбектер жазды. Республика халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі, КСРО ҒА Қазақстан бөлімшесі төралқасының, бірнеше ғылыми кеңестер мен қоғамдардың мүшесі болған. Халық ағарту ісіндегі еңбегі үшін «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен марапатталған. 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен атылып, 1957 жылы КСРО Жоғарғы Соты Соғыс коллегиясының үкімімен ақталды.

58 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Сара Азымбекқызы ЖАРМҰХАМБЕТОВА дүниеге келді.

Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан облысында ) дүниеге келді. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (заңгер) тәмамдаған.

Еңбек жолы: адвокат тағылымгері, Семей облысы адвокаттар алқасының адвокаты (1983-1992), Семей облыстық төрелік соты судьясының мәіндеттерін атқарушы, судьясы (1997-1998), Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы (1997-1998), Семей қалалық сотының судьясы (1998-2001), Астана қаласы ұйымдастыру-талдау басқармасының бастығы (2001-2005), ҚР Жоғарғы сотының ұйымдастыру-талдау бөлімінің меңгерушісі (2005-2006), Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрайымы (2006-2009), Астана қаласындағы Есіл аудандық сотының төрайымы (2009-2012), Астана қаласындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы (2012-2014), Астана қалалық сотының судьясы (2014-2015).

Қазіргі қызметінде – 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

57 жыл бұрын (1962) ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Құдайбергенұлы ПІШЕМБАЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Өскеменнің жол құрылысы институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Нарық институтын, Ресей президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Техникалық ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының аға жол мастері болып бастаған. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары департаментінің автомобиль жолдары және жол қорын дамыту бөлімінің бастығы, Автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары, Солтүстік Қазақстан автомобиль жолдары облыстық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқарған. 2002 жылғы наурыздан 2013 жылғы қазанға дейін «Қазақавтожол» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Бас директоры болып қызмет атқарды. 2013 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды. 2014-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуірінен.

45 жыл бұрын (1974) Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Тәпенұлы САЙФЕДЕНОВ дүниеге келді.

Ол бұрынғы Орал облысы Орда ауданы Сайхын ауылында туған. 1992 жылы М.Мәметова атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Абай атындағы Алматы гуманитарлық университетіне түсіп, 1996 жылы «География пәнінің мұғалімі және туристік-аумақтану әдіскері» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы заңгер мамандығы бойынша екінші жоғарғы білімін алды (Алматы үздіксіз білім беру университеті). 2012 жылы «экономист» мамандығы бойынша Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдады.

1997 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Матадор-А» ЖАҚ менеджері қызметін атқарған. 2005 жылдың мамыр айынан қараша айына дейін Алмалы ауданы әкімінің аппаратында тәжірибеден өтіп, содан кейін ұйымдастыру бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып қызметке қабылданды. 2008 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімі бас маманы лауазымына көтерілді. 2009 жылы желтоқсанда Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2016-2018 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі, 2018-2019 жылдары Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың тамызынан.

40 жыл бұрын (1979) Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Асқар Сансызбайұлы ЕСІЛОВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. 2002 жылы Орал мемлекеттік заң академиясын, 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 09.2002-23.12.2004-Алматы ауданы прокуратурасының орындаушылық өндіріс пен сот қаулысының заңдылығын қадағалау басқарма прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы; 12.2004-27.01.2006- Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының әкімшілік және азаматтық жұмыстар бойынша орындаушылық өндіріс пен сот қаулысының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы; 01.2006-07.08.2007-ҚР Бас Прокуратурасының әкімшілік және азаматтық жұмыстар бойынша орындаушылық өндіріс пен сот қаулысының заңдылығын қадағалау департаментінің азаматтық жұмыстар бойынша сот актісінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы; 08.2007-31.03.2014-Жеке құрылымдардағы қызмет, Нұр-Сұлтан қаласы; 04.2014-14.01.2016-«Астана ЭКСПО-2017» ҰК » АҚ корпоративті басқару департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласы; 01.2016-28.04.2019- Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы;

2019 жылдың сәуірінен - «Байқоңыр» ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы.