19 желтоқсанда Халықаралық ғарыш стансысына аттанатын экипаждың құрамы бекітілді
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік комиссия 2012 жылдың 19 желтоқсанында Халықаралық ғарыш стансысына ұшырылатын
«Союз ТМА-07М» ғарыш кемесі экипажының құрамын бекітті. Бұл туралы Ресейдің Федералды Ғарыш агенттінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады РБК.
Негізгі экипаж құрамына «Ресғарыш» ғарышкері Роман Романенко, Канада ғарыш агенттінің астронавты Крис Хадфилд және NASA астронавты Томас Машберн кірді.
Мемлекеттік комиссия сонымен қатар, құрамына «Ресғарыш» ғарышкері Федор Юрчихин, NASA астронавты Карен Найберг және Еуропалық ғарыш агенттігі астронавты Лук Пармитано кірген қосалқы экипажды да бекітті.
"Союз ТМА-07М" көліктік басқарылатын кемесі бар ғарыштық мақсаттағы "Союз ФГ" зымыранын Халықаралық ғарыш стансысына ұшыру 19 желтоқсан күні сағат 16:12-ге (мәскеу уақытымен) жоспарланған.