1918 жылға дейін туғандардың ғана A/H1N1 вирусына иммунитеті бар - ғалымдар

АСТАНА.  Шілденің 14-і.  ҚазАқпарат -Тек 1918 жылға  дейін туған  адамдар ғана    шын мәнінде A/H1N1  вирусына    қарсы иммунитетке ие.   Сейсенбі күні  арнайы  баяндама жасаған  Токио  университетінің  жанындағы медициналық     ғылымдар институтының ғалымдары    осындай   қорытынды   жасады,
None
None

деп  хабарлайды  ҚазАқпарат  РИА  «Новости»  агенттігінің   сілтеме  жасап.

Ғалымдар  арнайы   қан   банкінен   1895  жылдан кейін туған   216 адамның  қан  сынамаларын  алды. Жүргізілген  талдаулар1999 жылы,   «доңыз тұмауы»   таралғанға  дейін    алынған    қан  сарысуының   үлгілеріне   жасалған.   Осы  зерттеу,    жаңа вирусқа     қарсы   иммунитетке  тек  жасы 90-нан асқандар ғана ие екенін көрсеткен.

Ғалымдар бұл жайт,   жаңа тұмаудың     1918 жылы өршіген  «испанка» тұмауына  ұқсас   екендігімен  түсіндіріп  отыр.  «Испанка»  тұмауынан    кезінде    әртүрлі есептер бойынша,  25 миллионнан 40 миллионға дейін  адам     қаза тапқан   болатын.  Яғни,  «испанка»  тұмауымен ауырғандарда жаңа  тұмауға әсер ететін  антитела  қалыптасуы  мүмкін.

Дүниежүзілік   денсаулық сақтау   ұйымының   шілденің 6-сындағы    мәліметтері  бойынша,    әлемнің 135 елінде  адамдардың  A/H1N1 тұмауын   жұқтырудың 94 512 оқиғасы тіркеліп  отыр, ал  429 адам  індет салдарынан көз жұмған. 

Соңғы жаңалықтар