1930 жылдардағы ашаршылықтан 3 миллион қазақстандық жапа шекті - Ғ.Есім

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1930 жылдардағы ашаршылық нәубетінен 3 миллионнан астам қазақстандық жапа шекті. Бұл туралы бүгін Астанада «1930-шы жылдары Қазақстандағы репрессиялар мен ашаршылық: себептері мен алғышарттары» атты ғылыми-практикалық конференцияда философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім мәлім етті.
None
None

«Бүгінгі конференция Қазақстанның зұлматты жылдардағы тарихына және ашаршылық мәселесіне арналған. Мен нақты адамдарды кінәлағым келмейді, мен елдегі жүйені, сол кезде орнаған коммунистік режимді кінәлаймын. Коммунистік режим аймақтық ерекшеліктерді ескерген жоқ және өзінің аяусыз саясатын өткізді, салдарынан 3 миллионнан астам қазақстандық жапа шекті. Бұндай ауыр қайғы жүректен кетпек емес, сондықтан бізге осы тақырыпты әрдайым көтеріп отыру қажет және шынайы мәліметтерді келесі ұрпаққа жеткізу керек. Ең бастысы бұл нәубеттің қайта орындалуын болдырмау қажет», - деді ол.

«3 миллион қазақстандық ашаршылыққа тап болды - бұл халық санының өсімін есептемегенде. Бейбіт күні жаппай аштық орнады. Қазақ халқына жасалған геноцид деп бағалаудан басқа шара жоқ. Себебі ол жүйелі түрде жасалды. 1928 жылы байларды тәркілеу басталды. Олар өндірістің бір-бір басын ұстап отырған адамдар еді. Бүгінгі тілмен айтқанда кәсіпкерлер, жұмыс берушілер болды. Одан қалды 60 мыңы атылды. Оның басым бөлігі зиялы қауым өкілдері. Осылайша, халық ел басқаратын ағаларынан, қамқорлық жасайтын қаймағынан айырылды. Большевиктердің қисынға келмейтін қисық саясатының арты осындай апатқа әкеп соқтырды», - деп түйді сөзін Ғ.Есім.

Айта кетейік, ғылыми-тәжірибелік конференция репрессия, құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткізілді. Оның жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, ҮЕҰ, шығармашылқ зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдары мен этно-мәдени бірлестіктер қатысуда.

Соңғы жаңалықтар