1937 жылы жарыққа шыққан «Хоббиттің» алғашқы кітабы 137 мың фунтқа сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшын жазушысы Джон Толкиеннің авторлық қолтаңбасы бар «Хоббит» кітабының бірінші басылымы Лондондағы «Sotheby's» бәссаудасында рекордтық 137 мың фунт стерлингке сатылды, деп хабарлады «РИА Новости» агенттігі.

1937 жылы жарыққа шыққан «Хоббиттің» алғашқы кітабы 137 мың фунтқа сатылды

«1937 жылы шыққан фэнтези жанрындағы алғашқы басылым бастапқы бағасынан 2 есе көп ақша жинап, жаңа әлемдік рекордты орнатты», делінген «Sotheby's» хабарламасында. Толкиен туындыларының бұған дейінгі әлемдік рекорды 2008 жылы орнатылған. Бұл кезде «Хоббиттің» көшірмесі 50 мың фунт стерлингке сатылған еді.