«1941 жылдың жазы» фильмі бірнеше қалада тегін көрсетіледі

«1941 жылдың жазы» фильмі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық кино апталығы аясында Алматы, Қарағанды, Шымкент және Талғар кинотеатрларында «1941 жылдың жазы»фильмінің тегін көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

Режиссер Бекболат Шекеровтың фильмі ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы партизан отрядымен шайқас жайында. Кинокартина ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлігімен көзге түскен диверсиялық топтың басшысы көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Әди Шәріповтың өмірбаяны туралы баяндайды.

Фильм ІІ дүниежүзілік соғыс кезін суреттейді. Үшінші Рейх КСРО-ға енді шабуыл жасаған кезі. Беларуссияда жойқын шайқастар жүріп жатыр, ал Кеңес армиясының күштері әзірге тек шегінуге мәжбүр. Қазақстаннан келген жас лейтенант Әди Шәріпов дәл осы оқиғағаның куәгері болады.

Оның жасағы әскердің алдыңғы шебінде шайқасып, ақыр соңында ми батпақта жаудың қоршауында қалады. Жау тылында қалған лейтенант партизан жасағын құрып, нацистік басқыншыларға лайықты тойтарыс береді.

Әскери-патриоттық кино апталығы 2024 жылдың 9 мамырында басталады.

Соңғы жаңалықтар