1945 жылы фашистер атып құлатқан ИЛ-2 ұшағын Калининград түбіндегі ми батпақтан шығарғалы жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат -Калининград облысында 1945 фашистер атып құлатқан ИЛ-2 шабуылдаушы ұшағын ми батпақтан шығаруға әрекет жасап жатыр.
Бұл туралы «Интерфакс» жергілікті іздеушілер жасақтарының қауымдастығына сілтеме жасап хабарлады.
Ми батпақ жағалаудан екі шақырым жерде болғандықтан, шабуылдаушы ұшақты одан шығару қиындықтар туғызып отыр. Тіпті оған жақындамақ болған экскаватор батып кете жаздады.