1948-1950 жылдары дүниеге келген зейнеткерлердің проблемаларын шешу үшін бірлескен комиссия құру қажет - Д.Назарбаева

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - 1948-1950 жылдары дүниеге келген зейнеткерлердің проблемаларын шешу үшін бірлескен комиссия құру қажет.

1948-1950 жылдары дүниеге келген зейнеткерлердің проблемаларын шешу үшін бірлескен комиссия құру қажет - Д.Назарбаева

Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева айтты.

1948-1950 жылдары дүниеге келген зейнеткерлерге қатысты өзекті мәселе бар екендігін баса айтқан Д.Назарбаева: «Бұл проблеманы тіпті жалқаулар да біледі. Ол жылдан жылға сөз болады. Бірақ аталған мәселеде ешқандай шешім жоқ. Біздер бақытсыздыққа орай 1998 жылға дейін зейнетке шыққан азаматтардың көптеген үндеулеріне қалай жауап берерімізді де білмейміз», - деді.

Оның атап өтуінше, елімізде 1948-1950 жылдары дүниеге келген зейнеткерлердің саны 260 мың адамды құрайды. Олардың басым бөлігінің жалпы еңбек өтілі 35-40 жыл. 1990 жылдардағы өтпелі кезең дәл осы азаматтардың тағдырында қатерлі рөлге ие болды. «Оларға не істеу керек? Мұндай инфляция мен өмір сүру деңгейінің өсімі кезінде 28 мың теңгеге қалай өмір сүрулері қажет? Біз бұл проблемамен байсалды айналысуды ұсынамыз. Нақты шешімдер әзірлеу үшін бірлескен комиссия құру қажет. Өмірде ымыраға келуге әрқашанда да орын бар», - деді халық қалаулысы.