1949-1957 жылдары экрандалған «Жалғыз рейнджер» телехикаясындағы актердің костюмі $195 мыңға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалғыз рейнджердің рөлін сомдаған американдық актер Клейтон Мурдың костюмі Техас штатының Уэйко қаласында A&S Auction аукцион үйінде $195 мыңға сатылды.

1949-1957 жылдары экрандалған «Жалғыз рейнджер» телехикаясындағы актердің костюмі $195 мыңға сатылды

NBC телеарнасынан 1949-1957 жылдар аралығында көрсетілген танымал талехикаяда бетперде киген техастық рейнджердің рөлін Клейтонның сомдауымен барлығы 169 серия түсірілген-ді. Телехикая американдықтардың ыстық ықыласына бөленді. Алайда бұл сериалдан соң Мур киноактер карьерасымен қош айтысып, одан кейінгі 40 жыл бойы телевикториналар мен түрлі коммерциялық жобаларға қатысты. Бұл шаралардың барлығында ол рейнджердің костюмін - көгілдір жейде мен шалбар, қызыл мойын орамалы мен кобвой қалпағын, етігін киіп барған. Нақ осы костюмді аукционға оны 1999 жылы Калифорниядағы аукционда сатып алған техастық бизнесмен Боба Дэвистің туыстары шығарды.

Айта кетейік, аталмыш телехикаяның желісі бойынша түсірілген фильм 2013 жылы жарыққа шыққан еді, алайда ол алдыңғы сериал тәрізді зор табысқа ие бола алмады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.